$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Сирияда президент сайлауы өтеді

AstanaTV
23.04.2014ж. 10:00
989
Сирияда президент сайлауы өтеді

Сирияда президент сайлауы өтпек. Дауыс беру үшінші маусымға белгіленді. Алғаш рет билікке бірнеше кандидат таласады. Сирияның қазіргі басшысы Башар Асад әзірге өз кандидатурасын ұсынған жоқ.

Алайда ол биліктен бас тартпақ емес. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы қарулы қақтығыстар тыйылмайынша, саяси тұрақтылықты орнатуға сайлау да септігін тигізе алмайды деген пікірде.

Айта кетерлігі, қақтығыстар әлі толастар емес. Жақында ғана билік сарбаздары көтерілісшілерді басып, бірнеше мәрте жеңіске жетті. Әзірше сайлаудың қалай ұйымдастырылатыны белгісіз. Ал сарапшылар Башар Асадтың жеңіске жетуіне толық мүмкіндігі барын айтады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ