$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қытайда ауа температурасы +50 градусқа жетті

AstanaTV
23.04.2014ж. 10:00
1538
Қытайда ауа температурасы +50 градусқа жетті

Қытайда аномальды ыстық орнады. Ауа температурасы +42 градусқа көтерілді. Ыстық ауа асфальт пен көлік копоттарын да қыздырып жатыр.

Тұрғындар, тіпті автокөліктерінің үстіне жұмыртқа қуырып жатыр. Әсіресе провинция астанасы Куньминьда аптап. Мәңгі көктем қаласы атанып кеткен бұл қаланың климаты әдетте ерекше жұмсақ. Ал мұндай аптаптар сирек орын алады.

Қала тұрғындарына синоптиктер күнге көп шықпауға және қолшатыр алып жүруге кеңес береді. Ыстық ауа массалары өртті тұтандырмай қоймады. Қазірдің өзінде 8 орман өрті тіркелді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ