×

Башар Асад Сирияда президент сайлауын өткізуге келісті

AstanaTV
26.10.2015ж. 20:00
1238
Башар Асад Сирияда президент сайлауын өткізуге келісті

 Башар Асад мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге дайын. Бұл жайында ол ресей парламентшілерімен кездесуінде мәлімдеді, деп жазады ТАСС. Мәскеуде  Владимир Путинмен кездесуден соң ол өзінің тұғырнамасы ретінде лаңкестердің көзі жойылып, ел террористтерден  азат етіледі деп уәде берді. Басылым іс басындағы президенттің жеңіске жететініне нық сенімді екенін жазады. Айта өтейік, Сирияда президент сайлауы 2014 жылдың 3 шілдесінде өткен. Башар Асад, сондай-ақ, парламент сайлауын өткізуге дайын екенін жеткізді. Оған оппозиция өкілдері де қатыса алады дейді. Сарапшылар пікірінше, Асад осылайша биліктегі үстемдігін нығайтпақ. Еске салсақ, өткен аптада Bloomberg «Сирия мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізгені дұрыс» деген Кремльдің позициясын аңғартқанын  жазды. Сайлаудың  қашан өтетін жайлы ақпарат әзірге жоқ.