Бүгін мәжіліс спиртті ішімдікті сату
уақытын 15 сағатқа дейін шектейтін заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, күшті алкоголь өнімдерін, мейрамханалар мен
дәмханаларды қоспағанда, кешкі сағат 21:00-ден, келер күні сағат 12-ге дейін
сатуға тыйым салынады. Бұл негізінен 30 градустан жоғары спиртті ішімдікке
қатысты.
Ал күштілігі бұдан төмен ішімдік
түрлеріне уақыттық шектеулер бұрынғыша кешкі 23:00-ден таңғы 8-ге дейін
сақталады.