Алматы-Ташкент тас жолында дизельдік
отын толтырылған автоцистерна аударылып, жүргізушісі қаза тапты.
Оқиға Жамбыл облысы Мерке ауданында орын алған. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жол апаты
сәрсенбі күні Алматы-Ташкент тас жолының 346-шы шақырымында болды. КамАЗ-дың аударылу салдарынан 17 тонна дизельдік отын төгілген.
Ақпаратқа сүйенсек, автоцистерна «Тараз-Филиал
СЕРВИС» жауапкершілігі шектеулі серкітестігіне тиесілі. Қазіргі таңда апаттың себеп-салдары анықталуда.
Жұрағат БАМАН