Бүгін Астанада кезекті ХІІ Еуразиялық
медиа форум өз жұмысын бастады. Жыл сайынғы
дәстүрлі басқосуға әлемнің түкпір-түкіпірінен 600-ден астам делегат келді.
Олардың қатарында белгілі саясаткерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен медиа
өкілдері бар.
Биылғы форумның күн тәртібінде Иранның
ядролық бағдарламасы, Таяу шығыс мәселесі және Ресей мен батыс қарым-қатынасын
шиеленістірген Украинадағы саяси ахуал қарастырылмақ. Қатарынан 12-ші рет өткізіліп отырған форум осы жылдар
арасында әлемнің өзекті саяси-экономикалық мәселелерін талқыға салатын диалог
алаңына айналып үлгерді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ