$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мемлекет басшысы "EXPO" кешені орнына капсула салу салтанатына қатысты

AstanaTV
24.04.2014ж. 20:00
1242
Мемлекет басшысы "EXPO" кешені орнына капсула салу салтанатына қатысты

Елордада "EXPO" құрылысы басталды. Бүгін мемлекет басшысы көрме кешені орынына капсула салу салтанатына қатысып, үлкен істі бастап берді. Тарихи сәтте сөйлеген сөзінде Президент елімізде бұған дейін мұндай бірегей құрылыс болмағанын атап өтті. Астанада алдағы үш жыл бойына шет елдік, отандық компаниялар бірлесіп, көрме кешенін тұрғызады. Салтанатты жиын туралы тілшіміз Мөлдір Бақытқызы баяндайды.

"Экспо" қалашығы Астананың батыс бөлігінде әуежайға барар жолдағы Қабанбай батыр мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында бой түзейді. Алып көрме қазығы осы жерге қағылды.

Сондай-ақ, Президент бұл аймақ болашақта Астананың орталығына айналатынын атап өтті. Дәл қазір ұйытқып жел соғып тұрған жапан түзде үш жылдан соң Қазақстан атын әлемге шығаратын біргей кешен бой көтеруі тиіс. Ал қаз-қатар тізілген техника мен құрылысшылар жұмысқа кірісу үшін, Президенттің пәрменін күтіп тұрғанға ұқсайды. Көрме кешенінің жалпы ауданы - 174 гектар жерді қамтиды және оған көлемі миллион шаршы метрден астам нысандар салынатын болады.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Такого объекта мы еще не строили. Фактически это будет новый центр Астаны. Это будут  уникальные и увлекательные объекты, инновационные, новые, которых здесь не было. Он станет базой для Назарбаев Университета, его студентов и ученых для разработки новых технологий и новых открытий.

Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2014 жылдың мамыры мен 2016 жылдың желтоқсаны аралығына жоспарланып отыр. Көрме кешенінің мастер-жоспары «Альберт Шпир» атты неміс компаниясымен бірлесе жасалып, Қазақстан Республикасы Президентінің мақұлдауынан өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Новая  гостиница, конгресс-холл, крытый город. Сам главный павильон будет иметь вид шара диаметром 80 метров, его общая высота - около 100 метров. Вокруг будут расположены международные павильоны.

Халықаралық көрмелер туралы Конвенцияға сәйкес, шара 2017 жылы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейін 3 айға созылады. Оған әлемнің 100-ден астам елі қатысады деп жоспарлануда. "EXPO-2017" көрмесін 5 миллионға жуық кіруші тамашалап, 2 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ