$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Санитарлық дәрігерлер Қостанайдағы жапон тағамдары дәмханасына тексеріс жүргізді

AstanaTV
24.04.2014ж. 20:00
1358
Санитарлық дәрігерлер Қостанайдағы жапон тағамдары дәмханасына тексеріс жүргізді

Санитарлық дәрігерлер Қостанайдағы жапон тағамдарын пісіретін дәмханаға тексеріс жүргізді. Мамандар суши-барда тазалық талаптары сақталмағандығын анықтады.

Еске салайық, шаһардағы шығыстық үлгіде ас дайындайтын дәмханада бір мезетте дәм татқан 16 тұрғынның денсаулығы күрт нашарлап, қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлер науқастарға ішек инфекциясы диагнозын қойды. Жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген науқастар емделіп, қазіргі таңда түгел үйіне қайтарылды.

Ал Бас прокуратураның келісімін алған жергілікті санитарлық дәрігерлер 18 сәуірден бастап дәмханаға тексеріс жүргізіп, онда дайындалған тағам түрлерінен сынама алған. Тексеріс қорытындысы бойынша, суши-барда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған. Алайда мамандар тексеріс нәтижесін, зертханалық тұжырымдамада нақты не көрсетілгендігін атаған жоқ.

Сәуле Байменова, Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Тексерістердің нәтижесінде осы ғимаратта санитарлық талаптар сақталмағандығы анықталып отыр. Сонымен қатар бүгін біз экономикалық сотқа талап-арыз дайындап отырмыз. Осы ғимараттың жұмысын тоқтату туралы.

Заңғар САНАЙ