$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мысыр үкіметі 1 мамырдан бастап туристтік виза құнын көтерді

AstanaTV
25.04.2014ж. 10:00
1098
Мысыр үкіметі 1 мамырдан бастап туристтік виза құнын көтерді

Мысыр 1 мамырдан бастап туристік визаларының бағасын көтереді. Бұған дейін құны 15 доллар болған виза енді 20 доллар болмақ. Елдің туризм министрлігі - бағаның күрт қымбаттауына қарамастан, визаларымыз әлемдегі ең қолжетімді болып қала береді деп мәлімдейді.

Статистикаға жүгінсек, үстіміздегі жылдың қаңтар мен ақпан айлары аралығында елге 1 млн 300 мың турист сапарлаған. Ал 2003 жылы дәл осы мезгіл аралығында көрсеткіш 28%-ға көп болды. Туристтер ағынының азаюы елдегі экономикалық жағдайға байланысты.

Айта өтейік, елде шерулер мен бассыздықтар тыйылар емес. Адам шығыны да бар. Тақтан тайған президент Мұхаммед Мурсидің жақтастары мен қарсыластары билікті бөлісе алмай жатыр. Үкімет елге турист тартудың жүйелі бағдарламасын әзірлеп, барлық амалдарын қарастырып жатыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА