$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Кеше түнде Иранда бензин бағасы 75 пайызға қымбаттады

AstanaTV
25.04.2014ж. 13:00
1272
Кеше түнде Иранда бензин бағасы 75 пайызға қымбаттады

Кеше түнде Иранда бензин бағасы 75 пайызға қымбаттады. Бұл ел үкіметінің жанармайға бөлінетін мемлекеттік субсидияны қысқартуының салдары. "Бұған дейін бір литрі 4 мың риал тұратын жанармайдың құны 7 мың риалға дейін шарықтаған", - деп хабарлайды BBC. Бірақ бұл бағаға сатылатын жанармай көлемі шектеулі. Ал еркін саудадағы бензиннің литрі 10 мың риалға жеткен.

Сонымен қатар қымбатшылық дизель отыны мен газды да айналып өтпепті. БАҚ хабарлауынша, жанармай құю бекеттерінде кезекте тұрған көліктердің есеп-саны жоқ. Алайда үкіметтің бұл шешімі халық тарапынан наразылық тудыра қойған жоқ.

Иран бензині әлемдегі ең арзан жанармайдың бірі болып табылады. Соған қарамастан, бағаның көтерілуі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға ауыр соққы болып тиюі мүмкін. Бүгінгі таңда ел халқының 25 пайызы жұмыссыз. Ал президент Хасан Рухани үнемделген қаражатқа жаңа жұмыс орындарын ашуға уәде берді.