Әскери шеруге даярлыққа орай Астана халықаралық әуежайы бүгін
таңғы 9-дан 12-ге дейін рейстерді қабылдауды тоқтатты. Рейстерді қабылдау және
ұшыру кестесіндегі өзгерістер бесінші мамырға дейін жалғаспақ.
Әуежайдың
ресми сайтындағы алдын-ала дерек бойынша, әуе кеңістігі 24-30 сәуір аралығында
және мамырдың 2,3,5 күндері сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін жабылатыны туралы
хабарланған. Әуе дәлізінің жабықтығына байланысты әуежайдың жұмысы тоқтатылып,
рейстер кідіретіні туралы айтылған.
Айта кетейік, 7 мамырда Астанада Отан
қорғаушылары күніне орай ауқымды әскери шеру өтеді.
Жұрағат БАМАН