$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Шымкентте әуе апатына кінәлі деп айыпталған әуе диспетчері Қанат Ақылбековке қатысты сот үкімі бүгін шығарылады

AstanaTV
28.04.2014ж. 10:00
1077
Шымкентте әуе апатына кінәлі деп айыпталған әуе диспетчері Қанат Ақылбековке қатысты сот үкімі бүгін шығарылады

АН-72 ұшағының апатқа ұшырауына кінәлі деп айыпталған әуе диспетчері Қанат Ақылбековке қатысты сот үкімі бүгін шығарылады. 42 томнан тұратын қылмыстық іске қатысты сот отырысы осы минуттарда өтіп жатыр.

27 адамның өліміне кінәлі деп жауапқа тартылған 29 жасар әуе диспетчеріне қатысты іс Абай аудандық сотында қаралып жатқанына екі айға жуықтады. Айыптаушы тарап, АН-72 ұшағының апатқа ұшырауына «Қазаэронавигация» диспетчерінің кәсіби біліктілігінің төмендігі себеп деген-ді. Өткен бейсенбі күні мемлекеттік айыптаушы әуе диспетчерін 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраған еді.

Еске салайық, қайғылы оқиға, 2012-жылдың 25-желтоқсанында болды. Әуе апатынан мерт болған 27 адамның жетеуі - экипаж мүшесі. Жиырма жолаушының он тоғызы - шекара қызметінің жоғарғы шенді қызметкерлері. Әскерилер тобы жылды қорытындылаған жиынға қатысып, Астанадан Шымкентті бетке алып шыққан.

Алайда АН-72 әскери ұшағы діттеген жерге санаулы шақырым қалғанда күл талқан болды. Алғашқыда апатқа себеп болған басты фактор ауа-райының қолайсыздығы деп айтылған болатын. Сотталушы Қанат Ақылбековке қатысты сот үкімі жайында алдағы жаңалықтарымызда тарқатып айтатын боламыз.