$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Петропавл іргесіндегі Заречный кентіне апаратын 2 бірдей тас жолды су алып қалды

AstanaTV
28.04.2014ж. 13:00
1143
Петропавл іргесіндегі Заречный кентіне апаратын 2 бірдей тас жолды су алып қалды

Петропавл іргесіндегі Заречный кентіне судан қауіп төнді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Есіл өзені ернеуінен асып, аталған елді мекенге апаратын айналма жолды шайып кетті. Қазір өзен деңгейі одан әрі көтеріліп, екінші жол да су астында қалды. Топан су әзірге тұрғын үйлерге жетпей, ауыл шетіндегі саяжайларға келген. Қазір қатынас тоқтады. Қоғамдық және жеңіл көліктер қатынауын тоқтатқан.

Төтенше жағдай департаментінің ұйымдастыруымен, жүк көлігі тұрғындарды тасып жүр. Ал әкімдіктегілер тығырыққа тірелген халықты нан және сүтпен қамтып отыр. Құтқарушылардың айтуынша, судың деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.

Евгений
Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

Жақын арада Есіл өзенінің деңгейі шарықтау шегіне жетеді. Әзірге үйлерді су басқан жоқ. Біз жағдайды күні-түні бақылап отырмыз. Төтенше жағдайға байланысты 10 мобильдік топ құрылды. Егер де үйлерді су басса, біз оларды дереу көшіруге дайынбыз.