$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Риддердегі шахтаның опырылуынан кейін прокуратура барлық шахталарда қуыс бар-жоғын тексермек

AstanaTV
29.04.2014ж. 10:00
1052
Риддердегі шахтаның опырылуынан кейін прокуратура барлық шахталарда қуыс бар-жоғын тексермек

Шығыс Қазақстан облысы прокурорлары Риддер қаласындағы кеніштің опырылуына қатысты тергеу жұмыстарын әлі жалғастыруда.

Сондай-ақ, тосын жағдайға орай, прокурорлар өңірдегі кен өндіретін орындардың барлығын тексермек. Ал қала тұрғындары әлі күнге үрейден арыла алар емес. Олар «қамсыз ұйқыдан қалдық», - дейді. Алқап көшесінің бойындағы тұрғындар үйлеріне оралғанымен, бұрынғыдай тіршілік жоқ. Көбі туған-туыстарын паналап кеткен. Ал барар жерлері жоқ амалсыз баспаналарына оралғандары түнімен көз ілмейтіндіктерін айтуда. Тағы да кеніш опырылып, жер астына кетеміз бе деп қауіптенеді.

Екатерина
Трафкова, Риддер қаласының тұрғыны:

Қорқынышты. Түнімен көз ілмейміз. Киімдерімізді дайындап, құжаттарымызды жастанып жатамыз. Үйіміз қалтырап әрең тұр. Сылап-сипап қоямыз пайда жоқ. Қаладағы пәтерге ауыстырайық дегенбіз үйімізді. Енді ешкім ауыстырмайды. Алқап көшесі дегенді естісе болды, бастарын алып қашады. Дәп қартайғанда қалай өмір сүреміз білмеймін.

Рүстем Шідердинов, ШҚО прокуратурасы әлеуметтік-экономикалық қадағалау бөлімінің басшысы:

Қазіргі уақытта біз арнайы комиссияның апат салдарына қатысты толық қорытындысын күтіп отырмыз. Және өңірімізде кен өндіру нүктелері көп болғандықтан, барлығына тексеру жүргіземіз.

Кеншілердің еңбек жағдайы мен кеніштердегі қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалаймыз.

Қанат ОРАЛБЕК