Елімізде соңғы он жылдықта өндірісте
жарақат алу деректері кеміген. Атап айтсақ, 2003 пен 2013 жылдар аралығында
тіркелген оқиғалар 3400-ден 2000-ға дейін азайған.
Алайда, өткен он жыл жағымды
болғанымен, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы алаңдатушылық
тудыртып отыр, - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі. 425 адам жарақаттанып, 69 адам өндірісте көз жұмған.
Еліміздің Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары жұмысшылар үшін ең
қауіпті аймақ болып танылған. Жұмыс берушілердің қара тізімін құрылыс
компаниялары, тау-кен металлургия, ауыл шаруашылығы саласы бастап тұр. Бұндай
тізімдегі кәсіпорындар құзырлы органдардың қатаң қадағалауына ілінетін
көрінеді.
Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚ министрлігі Қадағалау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары:
Егер осының алдында болған
тексеріс кезінде тексеріліп отырған мекеме ішінде кемшіліктер көп табылатын
болса, ол мекеменің деңгейі мына «опасность» дейміз ғой, сол «опасность» деңгейінен
жоғары болатын болса, ол міндетті түрде әр жылда тексеріліп отырады. Бірақ
жоспарлы тексерістердің арасы тек 1 жылдан кем болмауы керек.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ