$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Рудныйда Вика Ганяны табуға септігін тигізетін ақпарат үшін 1 млн сыйақы беріледі

AstanaTV
29.04.2014ж. 13:00
944
Рудныйда Вика Ганяны табуға септігін тигізетін ақпарат үшін 1 млн сыйақы беріледі

Қостанайлық полицейлер із-түзсіз кеткен жеті жасар қыз туралы қандай да бір хабар берген адамға миллион теңге сыйақы төлеуге дайын. Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Еске сала кетейік, Виктория Ганя 24-ші сәуірде Рудный қаласында өз үйінің ауласында ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен. Содан бері іздестіру шарасы жалғасуда. Қаршадай қызды табуға мыңдаған еріктілер де ат салысуда. Кешеден бастап еріктілер қатарына қостанайлық жастар қосылды. Ішкі істер басқармасы еріктілерге іздеу шараларын полициямен келісе отырып, жүргізуге өтініш білдіріп отыр.

Әділбек Нұрмахин, Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Жеті жасар Виктория Ганя туралы шынайы мәлімет берген кісіге Қостанай облыстық ішкі істер департаменті миллион теңге сыйақы беруге кепілдік береді. Полиция волонтерлерден іздеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында өз іс-әрекеттерін Рудный қаласындағы ішкі істер басқармасында орналасқан жедел-штабпен келісуді сұрайды.

Заңғар САНАЙ