$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Лукашенко Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің құрылуын 10 жылға шегеруді ұсынды

AstanaTV
30.04.2014ж. 13:00
1191
Лукашенко Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің құрылуын 10 жылға шегеруді ұсынды

Беларусь президенті Александр Лукашенко Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің құрылуын 10 жылға шегеруді ұсынды. «Егер Ресей мен Қазақстан бізге жеңілдіктер қарастырмайтын болмаса, осылай жасауға тура келеді», - деді ол Минскіде екі ел президентімен шағын құрамда өткен отырыс барысында.

Енді Ресей мен Қазақстан Беларусьтың экспортқа шығатын көмірсутекті өнімдеріне баж салығын алып тастау мәселесін қарастыруда.

Айта өтейік, елдің республикалық бюджеті мұнай өнімдерінің эскпортына тәуелді.

Александр Лукашенко
, Беларусь республикасының президенті:

Шартты қабылдауға аз уақыт қалды. Дегенмен, шешілмеген мәселелер әлде де баршылық. Сондықтан, шағын құрамда ақылдасып алғанымыз жөн. Бұған дейін шешілмеген проблемалар әлі сол күйі. Кеңеске мүше елдердің арасында түсініспеушілікке орын жоқ деп есептейміз. Тауар айналым мәселесінде шектеу болмауы керек.

Күн тәртібіндегі басты мәселе - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрылуы деген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президентінің айтқан уәжі орынды екеніне тоқталды. Дегенмен, бұл мәселелер бұған дейін де көтеріліп, талқыланғанын айтты. «Ал туындайтын проблемалар кезең-кезеңімен шешіледі», - деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев
, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз бұл мәселелерді кеңінен талқылаймыз. Осы сынды түйіткілді сұрақтар әлеуметтің де назарында екенін ұмытпауымыз керек. Құқықтық аспектілер шеңберінде кеңеске мүше әр елдің мүддесін ескеру қажет. Ал, негізгі проблемаларды кезең-кезеңмен шешеміз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА