$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері екі есеге ұлғайды

AstanaTV
30.04.2014ж. 20:00
1439
Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері екі есеге ұлғайды

Бүгіннен бастап жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері екі есеге ұлғайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Жол жүрісі туралы заңнамалық актілердегі өзгерістерге сәйкес енді көлікті мас күйінде айдаған жүргізушілер 3 жылға дейін рөлден шеттетілмек. Өрескел заң бұзушылықты екінші рет қайталаса - куәліктен 6 жылға айырылады және 15 тәулікке қамалады. Ал мас күйінде үшінші рет ұсталғандар жүргізуші куәлігінен 10 жылға айырылып, 30 тәулікке қамалмақ.

Жылдамдық үшін де жауапкершілік күшейді. Мәселен енді жүргiзушiлер белгiленген жылдамдықты сағатына он километрден жиырма километрге асырса - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал сағатына жиырма километрге асырса - 15, мөлшерден қырық километрден асырғандар - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл өтемек.

Сондай-ақ жолдың қарсы бетіне шыққандарға - 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет үшін жүргізуші - бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылады. Ал ішкi iстер органдары қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағандарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалады. 

Қанат Уәлиев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:

Қазір терминал арқылы, egov Үкіметтің порталы арқылы төлемдер өткізіліп жатыр. Соынмен бірге қазір ашылған арнайыландырылған цондар арқылы осы пайыздарды төлеп, әкімшілік практикаға келмей-ақ, egov-тан көруге болады, төленген пайыздарыңызды.

Жұрағат БАМАН