$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Елімізде әуе билеттердің құны сұранысқа байланысты құбылмалы болып қала бермек

AstanaTV
11.05.2016ж. 20:00
1987
Елімізде әуе билеттердің құны сұранысқа байланысты құбылмалы болып қала бермек

Елімізде әуе билеттердің құны сұранысқа байланысты құбылмалы болып қала береді. Бұл туралы біздің арнамызға «Эйр Астана» әуе компаниясының құзырлы маманы мәлімдеді. Мәселен, мереке күндері мен аптаның жұма күндері билеттер әдеттегіден жоғары тарифпен сатылады. Әуе компаниясы тариф бекіту ісі автоматтандырылғанын айтады. Сұраныс артқан сайын, ұшақ билетінің де құны шарықтай беруі бек мүмкін.

Оксана Перлевская,«Air Astana» АҚ тариф менеджері:

Сұраныс жоғары апта күндері бар. Мысалы, жұма күні. Баға сұранысқа орай реттеледі. Компаниямызда статистикалық мәлеметтерді сараптап, математикалық есеп пен болжам арқылы алдағы күндердің сұранысын анықтайтын арнайы бағдарлама бар. Ол арқылы алдағы күндердің сұранысын алдын-ала біліп отырамыз. Бос орындар бағдарламаның көмегімен, бекітілген тарифтермен бағаланады.

Әуе тасымалдаушыларының баға ойнатуын заңмен тыю мүмкін емес. Бұл туралы еліміздің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті біздің ресми сауалға берген жазбаша жауабында айтылған. Өткен жылдың шілде айынан бастап авиабилеттердің шекті бағасының түзілуіне мемлекет араласа алмайды. Антимонополиялық орган авиакомпанияларды тек шағым түскенде ғана тексеруге құзырлы.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ