$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Еліміздегі шетелдік меймандар да Қазақстан халқымен ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр

AstanaTV
01.05.2014ж. 20:00
1605
Еліміздегі шетелдік меймандар да Қазақстан халқымен ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр

Берекені көздеген ел, мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Еліміздегі шетелдік меймандар да Қазақстан халқымен ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған елге, олар да қызыға қарайды. Сырт көз сыншыл.

Сондықтан тысқары көзқараспен қарайтын қонақтар киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқан жұрттың бүгінгі мерекесіне ортақтасты. Біздің тілшілер де қаланың бас алаңдарына шығып, елмен бірге бүгінгі көктем мерекесін тойлап жүрген шетелдік азаматтарды сөзге тартып көрген болатын.

Ив Дишо, геолог /Франция/:

Мен Қазақстанға алғаш 2009 жылы келдім. Содан бері жиі келіп тұрамын. Ерекше ел. Әсіресе адамдары қарапайым, әрі достық сүйгіш. Осындай мерекенің барын естіп, мен де қыдыруға келдім. Барлық қазақстандықтарға бейбітшілік тілегім келеді.

Равшан Аслан /Түркия/:

Менің байқағаным ұлттарының әркелкілігіне қарамастан, адамдар өте тату тұрады екен. Мен мұнда Түркиядан келдім. Мені де бұл елде жатсынған жоқ. Сондықтан Қазақстан әлем елдеріне өзінің осындай саясатымен үлгі бола алады деп ойлаймын.

Любовь Богушкова /Ресей/:

Мен ұлттар достығы деген идеологиямен өскен адаммын. Жаман адам болуы мүмкін, бірақ ешқандай ұлттың жаманы жоқ. Әрине, әр ұлттың өзіне ғана тән мәдениеті, салт-дәстүірі болады. Осы жағын сыйлап, барлық ұлттарға құрмет көрсетіп отырған Қазақстанның әр бастамасына біз сырттай қуанып отырамыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ