$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Бразилияда футбол чемпионаты қарсаңында наразылық туды

AstanaTV
06.05.2014ж. 10:00
1068
Бразилияда футбол чемпионаты қарсаңында наразылық туды

Бразилияда жүздеген отбасы Сан-Паулудағы құрылысы жүріп жатқан «Арена Коринтианс» стадионын басып алды.

Айта кетейік, дәл осы стадионда 12 маусымда футболдан әлем чемпионатының ашылуы тиіс. Ақпар бойынша, наразылық шарасын ұйымдастырған «Баспанасыз жұмысшылар қозғалысы». Жұртшылық стадион құрылысы басталғаннан бері аталған ауданда тұрғын үй бағасы тым шарықтап кеткендігін айтуда. Осы ретте жуырда Бразилия президенті Дилма Роусефф жұмысшыларға салынатын салық көлемін азайтып, жағдайы төмен адамдарға жәрдемақы көлемін ұлғайтуды уәде еткен.

Алайда бұл мәлімдемеге қарамастан, елдегі наразылық акциялары азаяр емес. Бразилия халқы чемпионатқа жұмсалып жатқан миллирдтаған қаржыны басқа да мақсаттарға жұмсауға болады деп санайды.

Жозе Аугусто, «Баспанасыз жұмысшылар қозғаласының» өкілі:

Құрылыс жұмыстарына миллиард реалға жуық қаржы, яғни 324 миллион еуро жұмсалғандықтан, бізде күштеп көшіру және жоғары баға заңы орнады. Жергілікті тұрғындарға баспана алу құқығын ешкім бере алмайды.

Жұрағат БАМАН