$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда «Ардагерлерді ардақтайық» «Нұр Отан» партиялық жобасы ұйымдастырылды

AstanaTV
06.05.2014ж. 10:00
1972
Алматыда «Ардагерлерді ардақтайық» «Нұр Отан» партиялық жобасы ұйымдастырылды

«Нұр Отан» партиясының 15 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы Алматы облысы Қарасай ауданында жалғасын тапты. Іс-шараға облыстық партия ұйымының мүшелері, тыл еңбеккерлері мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Еңбек ардагерлері үшін ұйымдастырылған саяхат Қаскелең қаласындағы Наурызбай батыр ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Мұнан соң жергілікті тарихи-өлкетану мұражайы мен Үшқоңыр ауылындағы Қарасай батыр мешітінде болды.

Сондай-ақ, Елбасы білім алған мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, мектеп оқушыларының әбеди қойылымдарын тамашалады. Ардагерлер болса, жастарды Отанын сүйіп, елін-жерін құрметтейтін ұлтжанды азамат болуға шақырды.

Ерғазы Қошанбеков, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Биыл «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай партияның 12 ірі жобасы жасалды. Сол жобалардың бірі - «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы. Жалпы, біз соғыс ардагерлеріне отырып алып жиналыс емес, олардың үйлеріне барып, дөңгелек үстел диспуттар ұйымдастырып әр ауданда, әр қалада осындай етене тығыз өмірге араласуларын ұйымдастырып жатырмыз.