Биыл Қазақстанда 92 мыңдай түлек
ұлттық бірыңғай тест тапсырады.
Ұлттық тестілеу орталығының
мәліметінше, бұл жалпы мектеп бітірушілердің 70%-на жуық. Жалпы, «түлектер»
дерекқорында қалыптасқан нәтижелер бойынша емтиханды қазақ тілінде тапсырғысы
келетіндер саны алпыс үш мыңнан асады. Ал сынақты орыс тілінде тапсырамын
деушілер саны жиырма сегіз мыңның үстінде.
Айта кетейік, бірыңғай ұлттық тестілеу
биыл маусым айының 2-сі мен 8-і аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.
Жұрағат БАМАН