$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қызылордада апаттан он адам қайтыс болуына орай 3 күн қаралы күн ретінде жарияланды

AstanaTV
09.05.2014ж. 13:00
1342
Қызылордада апаттан он адам қайтыс болуына орай 3 күн қаралы күн ретінде жарияланды

Қызылорда облысында мамырдың 8-і мен 10-ы аралығында өтетін бұқаралық ойын-сауық шараларына шектеу қойылды. Аймақта қаралы күн жарияланды. Облыстық телеарнадан думанды бағдарламаларды көрсетуге тиым салынған.

Естеріңізге салайық, 7-мамыр күні аймақтағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолында Шиелі ауданы Тартоғай ауылы аумағында қайғылы оқиға орын алған. «Мерседес» шағын автобусы мен «Тойота» көліктері соғысып, 10 адам қаза тапты. Тағы бесеуі аурухананың жаң сақтау бөлімінде жатыр. Олардың халі ауыр. Жол талғамайтын көлікте жүргізуші ғана болған.

Ал шағын автобустағы жолаушылар Түркістанға зиярат етуге сапарға шыққан жергілікті тұрғындар. Екі жүргізуші де көз жұмды. Бірінші болып апаттан зардап шеккендерге сол жолмен өтіп бара жатқан облыстық медицина орталығының дәрігерлері көмек көрсеткен. Артынша жедел түрде "Санавиацияның" медициналық бригадалары жетті. Жол апатының себебі жан-жақты зерттеуден кейін белгілі болмақ.

Шарипа САҚТАПОВА