$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Оралдың ардагерлері такси қызметін 3 күн бойы тегін пайдаланады

AstanaTV
09.05.2014ж. 13:00
1326
Оралдың ардагерлері такси қызметін 3 күн бойы тегін пайдаланады

Оралдық ардагерлер, әсіресе Ленинград қоршауында қалғандар мен тұтқындар лагерінде болған майдангерлер, қала ішінде такси қызметін 3 күн бойы тегін пайдаланады.

Қалалық әкімдік мұрындық болған бастама, «Игі істер уақыты» атты қайырымдылық айлығы аясында іске асырылып отыр. Өкінішке орай, қаладағы оннан астам такси кәсіпорындарының ішінен тек біреуі ғана бұл ұсынысты қолдаған.

Осылайша, Отан үшін от кешкен жандарға таңғы сағат сегізден кешкі сағат алтыға дейін тегін қызмет көрсетіледі. Мұндай таксиге міну үшін қариялар майдангер куәлігін көрсетсе жеткілікті. Қазір Оралда 200-ден астам ардагер бар. Олардың арасында 7 майдангер Ленинград қоршауында қалса, тағы 16 ардагер тұтқында болған.

Қалам Шүйіншәлиев, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Бүгінгідей адал акция жасаушылар көп емес. Мұндай бізде ғана бірінші болып тұрған сияқты. Ал
енді бұл әрине, өте дұрыс. Керек.

Еркін ҚАРИН