Ақмола
обылысында Калачи ауылын жайлаған «ұйқы дертінің» себептері жариялана
бастады. Әзірге жұмбақ ауруды зерттеу
жұмыстары жалғасуда. Сараптаманың алдын ала нәтижелеріне сүйенсек, дерттің
белең алуына жылу маусымында жертөлелерде және желдетілмейтін тұрғын үйлерде
жиналып қалатын булардың жоғары концентрациясы себеп болған.
"Ауруханаға
жеткізілген науқастар тұратын үйлерде жасалған сараптамалар осыны көрсетті", -
деп Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ұйқы ауруына шалдыққандар негізінен
желтоқсан айының соңы мен наурыздың басында көп тіркелді.
Еске салайық, Калачи
ауылының тұрғындары бірінен соң бірі ұйқыға кетіп, ауруханаға түскен. Тұрғындар
мұның себебі осы маңдағы көне кен орындарынан деп топшылаған еді.
Сараптамашылардың қорытындысына сүйенсек, мұнда радиациялық фонның, ауыр
металлдар тұзының шекті концентрациясының артуы анықталмаған. "Бактериялық және
вирусологиялық сараптамалар да теріс нәтиже көрсетті", - дейді.
Илхам ИБРАХИМ