$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қазақстан Еуропалық одақпен әріптестік туралы келісімді жыл соңына дейін бекітеді

AstanaTV
12.05.2014ж. 20:00
1316
Қазақстан Еуропалық одақпен әріптестік туралы келісімді жыл соңына дейін бекітеді

Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы байланыс жаңа белеске көтеріледі. Астанада екі күн бойына тараптармен қарым-қатынасты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіліп, әріптестік туралы жаңа келісім жасалды. Келісім жобасында сауда-инновациялық, экономикалық байланыс алдағы уақытта еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына ену мүмкіндігі ескеріледі.

Сондай-ақ, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шарттары да басшылыққа алынады. Қазақстан құрамына Экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова жетекшілік етеді. Кездесуде байланыс саласын кеңейту үшін, құқықтық кедергілерді реттеу сөз болады. Келіссөзді жыл соңына дейін аяқтау көзделген. 

Әлия Әлімбетова, ҚР ЭБЖМ сыртқы сауда қызметі департаментінің директоры:

Бұл Еуродақпен еркін сауда аймағын құру деген сөз емес. Байланыс орнату жолдары жеңілдетіледі. Біріншіден, мемлекеттік сатып алу, интеллектуалдық меншік бойынша, тағы басқа салаларда. Нәтижесінде Еуроодақпен 1992 жылдан бері орнаған қарым-қатынас жаңа белеске көтеріледі.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ