$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Елбасы аспан асты еліне мемлекеттік сапармен барады

AstanaTV
13.05.2014ж. 10:00
1021
Елбасы аспан асты еліне мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 19-20 мамыр күндері аспан асты еліне мемлекеттік сапармен барады. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытайлық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізеді», - делінген хабарламада.

Ал 21 мамыр күні Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 4-ші Саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр. Онда тұрақтылықты және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылады.