Астанада
дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жеткіліксіз. Әсіресе ақ халаттылар шұғыл
қажет. Бұл елордада өткен вакансиялар жәрмеңкесінде белгілі болды. Тіпті
қалалық қос ауруханаға дәрігер ғана емес, сондай-ақ санитарлық-техникалық
еңбеккерлер де қажет екен. «Жұмыспен қамту орталығы» ұйымдастырған шараға 40-қа
жуық жұмыс беруші 260 вакансия ұсынды.
Шынар
Бақтыбекова жәрмеңкеге жұмыс іздей келген. Егер табылар болса, өз мамандығы
бойынша еңбек етуді қалайды. Тіпті сынақ мерзімінен де қайта өтуге әзір.
Өйткені 3 жыл декреттік демалыста отырған келіншектің біршама қарайып қалғаны
бар.
Шынар
Бақтыбекова, Астана қаласының тұрғыны:
Баламен
үйде отырғандықтан, Астанада жәрмеңке болады дегенді естігеннен кейін өз
мамандығым бойынша жұмыс қарастыруға келдім. Табылып жатса, жұмысқа орналасам деген
ниетім бар. Мамандығым - транспорттық техник, технолог.
Шынардың
жолы болды. Қатарынан бірнеше кәсіпорынға техник-инженер қажет екен. Бұл жолы
Астана қаласының «Жұмыспен қамту орталығы» ұйымдастырған жәрмеңкеге 40-қа жуық
жұмыс берушіден 260 вакансия қойылыпты. Күзетші, кондитер, тігінші, мұғалім,
тіпті полиция мен дәрігерлікті де іздегендерге мұнда орын бар.
Ирина
Бойко, «СМЭУ-Астана» ЖШС кадр бөлімінің маманы:
Біздің
ұжым жол белгілерін, бақылау бейнекамерасын және бағдаршаммен айналысады. Оларды
жөндейміз, дайындаймыз. Сондықтан инженер-электриктер шұғыл қажет. Энергетика
саласында білімі болса тіптен жақсы. Жалақысы тәжірибесіне қарай 120 мың
теңгеден жоғары болуы мүмкін.
Бұл
«Жұмыспен қамту орталығының» 2016 жылдың бірінші тоқсанында өткізіп отырған
4-ші жәрмеңкесі. Нәтижесі де жаман емес.
Олжас
Омар, Астана қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры:
3
жәрмеңкенің қорытындысы - 75 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Одан басқа 80
адам тәжірибеден өтіп жатыр. Жалпы біз жылына 10-12 жәрмеңке өткізіп отырамыз.
Бүгінде
Астана қаласы бойынша 4 810 азамат ресми жұмыс іздеушілер тіркеуінде тұр
екен.
Құралай
ПИОНЕР