$478.93 €534.96 ₽5.16
×

АҚШ-та 20 млн долларға бағаланған ірі көлемде героин тәркіленді

AstanaTV
13.05.2014ж. 10:00
1095
АҚШ-та 20 млн долларға бағаланған ірі көлемде героин тәркіленді

АҚШ-тың Флорида штатының жағалаудағы күзеті құны 20 миллион долларға бағаланған ірі көлемде героин тәркіледі.

Міне мына қаптарды қарулы күзет журналистерге әкеп көрсетті. Бұл есірткі осыдан бір ай бұрын тәркіленген екен. Алайда оны жұртшылыққа енді жариялап отыр. Бағалы тауардың жалпы салмағы 600 келіге тартады. Доминикан Республикасынан тасымалданған есірткі Америка аумағына кірмей тұрып тәркіленді. Екі күдікті тұтқындылды. Олардан әлі де жауап алынып жатыр.

Айта кетерлігі, бұл жергілікті полицейлердің ең ірі олжасы.

Айгүл ӘДЕПБАЙ