$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Солтүстік Қазақстан облысында егін егу науқаны басталды

AstanaTV
13.05.2014ж. 13:00
1497
Солтүстік Қазақстан облысында егін егу науқаны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында егін егу науқаны басталды. Биыл дақылдарды 4 млн 300 мың гектарға егу жоспарланып отыр. Бұл аумақтың үштен бір бөлігі дәнді дақылдарға тиесілі.

Алайда, былтырмен салыстырғанда, дәнді дақылдар себілетін жер 80 мың гектарға кеміді. Бұны ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары мал шаруашылығын дамытуымен түсіндіріп отыр. Яғни, аталған аумақ жем-шөп, яғни мал азығын өсіруге бағытталмақ. Жалпы, егін егу науқанында диқандарға 71 мың тонна дизельдік отын қажет. Әзірге шаруалышықтар тек 70%-ға қамтылған. Бұл мәселені шешу үшін кәсіпкерлерге жанармайдың 65 мың тоннасы арзан бағамен ұсынылды. Қазір Қызылжар ауданының диқандары маңызды науқанға сақадай сай. Олар барлығы 215 мың гектар жерге егін екпек.

Мұрат Хұсаинов, СҚО Қызылжар аудандық Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбарасы:

Биылғы жылы мал шаруашылығына көп көңіл бөлінгендіктен, жем-азық дақылдарына көп көңіл бөлім, биыл мың гектарға жақын арттырдық, одан кейін майлы дақылдарды былтыр 28 мың гектарға сепсек, биыл 33,6 мың гектарға сеуіп, оның алаңын 5200 гектарға ұлғайттық.

Абзал ҚҰРМАНКИН