$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Қазақстан парникті газдың қоршаған ортаға төгілуін қысқартпақ

AstanaTV
14.05.2014ж. 10:00
1137
Қазақстан парникті газдың қоршаған ортаға төгілуін қысқартпақ

Қазақстан 2020 жылға дейін парникті газдың қоршаған ортаға шығарылуын 7%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде көтеріліп, жедел шешімін талап отырған проблемалардың бірі.

Оның шешілу жолдары бүгін Астанада өткен Парникті газ тастанымдарын квотамен саудалауға арналған Бірінші халықаралық форумда талқыланды. Квота қазақстандық 166 өндіруші компаниялар арасында үлестірілді. Олар ауыл шарушылығы, көлік, мұнай және газ, тау-кен, химиялық өнеркәсібі және энергетика салалары. Елімізде 2011 жылы «Экологиялық кодекске» өзгерту еңгізу барысында Парникті газ тастанымдарының ұлттық сауда кешенін құру жобасы жасалған болатын. Алайда бұл жобаның кемшіліктері көп болды, дейді мамандар.

Форум шеңберінде «Каспий» тауар биржасы мен Лейпциг германиялық энергетикалық биржасы арасында Қазақстан Республикасында СО2 газдарының шағарылуына, электр энергиясына және қуатқа квоталармен ұйымдастырылған сауда жасау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сала мамандарының айтуынша, келісім еліміздегі экологиялық проблемаларды шешіп, халықаралық сауда нарығына шығуға мүмкіндік береді.

Бөлеген Тілеубаев, «Қазфосфат» ЖШС экология бойынша бас менеджері:

Пайданың өзі қаншама. Біз осы биылдықтың өзіне миллиондай теңге бірінші саудадан миллиондай теңге пайда тауып отырмыз. Ал енді болашақта шет елдермен, халықаралық деп отырмыз гой, егерде соған шықсақ, мен ойлаймын «Казфосфат» парниктік газбен саудалау тағы бір тауар ретінде болады деп есептеймін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ