Семейде
билік жылу үшін берешегі бар борышкерлерге қатаң жаза қолдануға кірісті. Қарызы
бар тұрғындарды жылу жүйесінен ажыратып, берешектердің шекарадан асуына шектеу
қойған.
Жергілікті
билік өкілдерінен, полицейлерден және арнайы мамандардан құралған осындай топ
қаланың әр бөлігін аралап жүр. Олар жылу үшін қарызды қайтаруды бас тартып, мың
сылтау айтқан тұрғындарды бірден жылу жүйесінен ажыратып жатыр. Тіпті жылу
батареяларын кесіп алып кетеді. Оны тек берешек өтелген де ғана қайтарып
бермек. Қарыздарын сол бойда өтеген тұрғындар да табылды.
Қалалық
әкімдіктегілер осындай қатал шаралар қолдануға мәжбүр. Өйткені елдегі жылуға
қарыз аймақтардың тізімінде Семей көш бастап тұр. Халықтың қарызы 1 миллиард
теңгеден асып кеткен. Егер қарыз өтелмесе, қыста жылу қазандықтары іске
қосылмауы мүмкін.
Димитрий
Гариков, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
Коммуналдық
қызмет - ол да тауар. Сондықтан ол үшін төлеу керек. Қарызы бар қала тұрғындарын
жылу жүйесінен ажыратып тастаңдар. Өйткені олар үшін ертең басқа тұрғындар жапа
шегеді. Қосымша бригадалар құрып, қолдарыңа құрал-саймандар алып, төлемейтін
тұрғындардың жылу батареяларын кесіп тастаңдар.
Мамыр
айының соңына дейін шенеуніктер коммуналдық қызмет үшін қарыздың басым бөлігін
қайтаруы қажет. Әйтпесе көбі жайлы орындарынан айырылуы мүмкін. Облыстан
келген мамандар Семей әкімінің тәжірбиесін қолдануға шақырады. Ермак Сәлімов
қарызы бар тұрғындарға өзі қоңырау шалып, берешекті өтеуге үндейді екен.
Берік
ХАСЕНОВ