$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қостанайда жылқы дауы сотқа жетті

AstanaTV
13.05.2014ж. 20:00
992
Қостанайда жылқы дауы сотқа жетті

«Заречный тәжірибелік-шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрғындардың жылқысын қайтаруы тиіс. Тобыл өңірінде туындаған жылқы дауына қатысты Қостанай аудандық сотының шешімі осындай.

Еске салайық, өткен жылы көктемде Заречный кентінің бір топ тұрғындары осындағы тәжірибелік-шаруашылық өкіліне жылқыларын сеніп тапсырып, күзге қарай қайтарып алмақ болған. Бірақ жылқышы Николай Зевакин өзіне қол салып, қаза болады. Жауапты адам қайтыс болған соң кент тұрғындары серіктестіктің ат қорасына қамалған арғымақтарын әкете алмай қалады. Тіпті кейбір тұрғындардың жылқылары сатылып кеткен болып шықты.

Ал серіктестік өкілдері ешқандай келісімшарт жасалған жоқ деп шағымданушы топты маңайына да жолатпай қойған. Қос тараптың талап-арызын қарастырған аудандық сот жылқыларды иелеріне қайтару туралы шешім шығарды.

Ал сатылып кеткен жануарлардың құнын өтеп беру жайындағы талап-арыз қанағаттандырылған жоқ.

Мейрам Аманжолов, Заречный кентінің тұрғыны:

Осы аудандық соты 11 жылқымды беруге шешім шығарды. Ал сатылып кеткен 11 жылқыны берген жоқ. Енді сол қалалық сотқа, облыстық сотқа арыз жазам. Сол 11 басымды қайтаруға.

Заңғар САНАЙ