$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова зейнетақы жүйесіне енгізгелі жатқан өзгерістерді қолдайды

AstanaTV
14.05.2014ж. 20:00
2226
Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова зейнетақы жүйесіне енгізгелі жатқан өзгерістерді қолдайды

Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова зейнетақы жүйесіне енгізгелі жатқан өзгерістерді қолдайды. Бұл жөнінде ол біздің арнаға берген сұхбатында айтты. Кеше министр Тамара Дүйсенова зейнетақы есептеу жүйесіне өзгеріс енгізілетінін айтқан болатын. Яғни базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай есептеледі. Ол қазір 10 мың теңге көлемінде. Ұсыныс қабылданса, зейнетақы есептеу жүйесі өзгереді.

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Міне, көріп отырғандарыңыздай,  біздің үш сатылы зейнетақы жүйесінің артықшылығы көрінетін кез келді. Мен мұны мақтан тұтамын. Өйткені кезінде біз мұны оңайлықпен өткізген жоқпыз. Бұл адамдарды жұмыс істеуге ынталандыра түседі. Ал базалық зейнетақы мүлдем жұмыс істемегендерге төленеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ