$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Шымкентте төтенше жағдай режимі тоқтатылды

AstanaTV
14.05.2014ж. 20:00
1247
Шымкентте төтенше жағдай режимі тоқтатылды

Шымкентте қатты желге байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Қазір өңірде дауыл басылған. Барлық тіршілік қайта қалпына келе бастады. Бүгін мектептерде сабақ басталды. Сондай-ақ есігі жабылған саябақтар мен демалыс орындары да келушілер үшін жұмыс істей бастады. Қазір қала аумағында сынған  ағаштар мен жасыл желектер  де жиыстырылып, көшелер ретке келтіріліп жатыр.

Жылдамдығы 25 метр секундына солтүстік шығыстан ұйытқи соққан  дауылдан жүзден астам ағаш морт сынған. Он екі автокөлікке зақым келіп, ресми мәлімет бойынша,  жеті  адам түрлі дәрежеде жарақат алыпты. Бір  адам ағаш астында қалып қаза тапты. Бүгін алдын ала шығын мөлшері жария болды.

Нұрболат Дербісов, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы:

Кешегі 13 май күні берген мәлімет бойынша, 19 млн 639 мыңдай шығын беріп жатыр. Ал бүгінгі комиссияның анықтауымен ол шығын қазіргі болжам бойынша, өздері берген мәлімет бойынша, мекемелердің берген мәліметі бойынша. Ал біздің қазір анықтау комиссияның құрамында ол екі есе, үш есеге дейін көтерілуі мүмкін.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ