$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Былтыр 130 миллиард теңге қазына қаржысы игерілмей қалған

AstanaTV
14.05.2014ж. 20:00
818
Былтыр 130 миллиард теңге қазына қаржысы игерілмей қалған

Былтыр 130 миллиард теңге қазына қаржысы игерілмей қалған. Мұны Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин жариялады. Бүгін ол депутаттар алдында Қаржы министрімен бірге есеп берді. Комитет төрағасының айтуынша, өткен жылы он үш мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысын бақылау әлсіреген.

Атап айтсақ, "Саламатты Қазақстан" тау-кен, мұнай-газ саласын дамыту бағдарламасы, "Бизнестің жол картасы", "Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту", "Қол жетімді баспана", "Ақ бұлақ", "Жұмыспен қамту 2020" секілді аса маңызды жобаларға бөлінген бюджет ақшасы дұрыс ұқсатылмаған.

Ал Ұлттық компаниялар мен олардың құрамындағы акционерлік қоғамдар қазынаға 3,4 миллиард теңге шығын келтірілген. Сондай-ақ инвестжобаларды қаржыландыру мерзімі кешігіп, бұл бастаманың қымбаттауына соқтырды, кейбір нысандардың уақытылы тапсырылуына кедергі келтірген. Бір қызығы игерілмеген қаражат мөлшері туралы министр мен комитет төрағасы келтірген деректер екі түрлі болып шықты. Сол үшін мәжілісмендерден ескерту де естіді. 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, "Нұр Отан" фракциясының жетекшісі:

Такая разница в отчетах Правительства и Счетного комитета по поводу неосвоенных средств, 43,2 десятых миллиарда и 131,10. Все-таки ощутимая разница.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі:

131 миллиард, который называет Счетный комитет, это шире показатели. Мы же говорим об отчете республиканского бюджета, а в данных Счетного комитета еще средства неиспользованные местными исполнительными органами суммируются.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ