$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Балалар үйінің тәрбиленушілері арасынада футболдан республикалық чемпионат басталды

AstanaTV
14.05.2014ж. 20:00
823
Балалар үйінің тәрбиленушілері арасынада футболдан республикалық чемпионат басталды

Бүгін Алматыда «Нұр Отан» партиясы мен «Бауыржан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен балалар үйінің тәрбиленушілері арасынада «Арманыңа жақында!» атты футболдан республикалық чемпионат басталды.

Қайым-Мұнар Табеев, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық - саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі:

Бұл жарыстың мақсаты мына өмірден тыс қалған жетім балалар мен әкесіз қалған жас ұрпақ өкілдерін спортқа тарту. "Нұр Отан" партиясының қолдауымен өтіп жатқан бұл жарыс мына кедергісіз келешек деген үлкен бағдарлама аясында өтіп отыр.

Іріктеу сатысының алғашқы ойыны облыстық және нөмірі 2 қалалық балалар үйінен келген «Барыс» және «Алтын ұя» командалары арасында өтті. Чемпионатқа еліміздің әр аймағынан 20 команда қатысуға ниет білдірген. Ал турнир жеңімпаздарын Италияға сапар күтіп тұр. Кубок иегерлері үшін әлемге әйгілі «Милан» футбол клубының ойыншыларымен кездесу ұйымдастырылмақ. Айта кетейік, турнирдің былтырғы жеңімпаздары астаналық «Есіл» тобы болатын. Олар Барселонаға сапар шегіп қайтты. 

Бақтияр Құрмашев, Алматы облысы №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі:

Жеңіске деген ұмтылыс жақсы. 2 гол соқты біздің команда. Миланға барамыз деп сенеміз.

М. СЕРІКҚЫЗЫ