$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Қазақстан теннисшісі Андрей Голубев Римдегі халықаралық турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды

AstanaTV
14.05.2014ж. 20:00
1215
Қазақстан теннисшісі Андрей Голубев Римдегі халықаралық турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды

Қазақстан теннисшісі Андрей Голубев Рим қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды. Дәрежелі жарыстың екінші айалымында отандасымыз Испания спортшысы Фернандо Вердасконы екі сетте жеңді. Голубевтің ендігі қарсыласы Ресей спортшысы Михаил Южный.

Соңғы уақыттары спорттық бабында жүрген швейцариялық Станислас Вавринка кезекті жеңісін тойлады.  Италияда өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің екінші кезеңінде Вавринка Испания спортшысы Пере Риба Мадридпен кортқа шықты. Кездесу басынан тура соққылармен ерекшеленіп, қорғаныста қателікке бой алдырмаған Швейцария теннисшісі бірінші сетте 6-0 есебімен алға шықты. Үзілістен кейін Испания теннисшісі есепті теңестіру үшін аянып қалмады. Дегенмен, қарқыны мықты Вавринканы тоқтату мүмкін болмады. Қарсыласының қателігін ұрымтал пайдаланған Станислас Вавринка 6-3 есебімен үздік шығып, үшінші айналымға шықты. Сондай-ақ, өз кездесулерінде сауатты ойнымен көзге түскен Давид Ферер, Милош Раонич және Новак Джокович жанкүйерлерін қуантты.



Велоспорттан «Калифорния» туры жалғасуда. Дәрежелі жарыстың үшінші кезеңінде Португалия спортшысы Тиаго Мачадо жеңіске жетті. Жалпы есепте өзгеріс жоқ. Екінші кезеңде үздік шыққан Ұлыбритания спортшысы Брэдли Уиггинс көш басында қалды. Одан 24 секундқа қалып келе жатқан австриялық Рохан Денис екінші орында болса, үшіншіт сатыны Португалия спортшысы Тиаго Мачадо еншіледі. «Калифорния» туры мен қатар дәрежелі «Джиро де Италия» марафоны өтіп жатыр. Үш кезеңнен кейін Австралиялық Майкл Мэтьюс көш басында қалды. «Астана» командасының капитаны Микеле Скарпони 32-орынға тұрақтады. Ол қызғылт жейденің иесіне 41 секунд ұтылып келеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ