$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Семей ұн комбинатында орын алған жарылыста 8 адам жарақаттанды

AstanaTV
15.05.2014ж. 10:00
1241
Семей ұн комбинатында орын алған жарылыста 8 адам жарақаттанды

Семейдегі ұн тарту комбинатында жарылыс болып, нысан өртке оранды. Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Жарылыс салдарынан 8 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Алты жұмыскер ауыр күйік салдарынан ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында болған қалған екі азамат ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Апат салдарын жоюға 11 арнайы техника мен 52 құтқарушы жұмылдырылды. Мамандар аталмыш оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті. Жарылыс себебі анықталып жатыр.

Марат
Тұрыбаев, Семей қаласы прокурорының орынбасары:

Жұмыс берушінің кінәсі анықталады. Оқиға орнына еңбекті қорғау инспекторы барды. Жұмыс берушінің, не жұмысшылардың кінәсі болса анықталады. Одан кейін заңға сәйкес зардап шеккен азаматтарға өтемақы төленеді.

Қанат ОРАЛБЕК