$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда жеке үй тұтастай өртеніп кетті

AstanaTV
15.05.2014ж. 10:00
1163
Атырауда жеке үй тұтастай өртеніп кетті

Атырауда мансард типтес жеке үй өртеніп кетті. Абырой болғанда адамдар дін аман.

Тілсіз жау туралы Төтенше жағдайлар департаментіне хабар түсе салысымен өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен. Бұл кезде тілсіз жау үйді тұтастай жалмаған. Ескі нысанның төменгі қабаты тастан, ал екінші бөлігі қамыспен салынып, пластикпен қапталыпты. Бұл материалдар тез жанғыш болғандықтан, ғимаратты аман алып қалу мүмкін болмаған. Өртенген нысан орналасқан көше толықтай жабылып, 1 сағаттан соң өрт ауыздықталды. Қазір өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Саламат Жұмаханов, Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі атырау қалалық отрядының бастығы:

Абырой болғанда адам өлімі, шығыны болған жоқ. Үй ішінде адамдар болмаған, үй иесі соңынан келді. 1-ші қатарында іс тігетін құралдар тұрды. Ол цех болды ма анық-қанығына жеткен жоқпыз. Техпаспортқа қараған кезде паспорт бойынша үй деп тұр.

Базаргүл ІЗІМОВА