$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Астанада EXPO құрылысына қазық қағылады

AstanaTV
15.05.2014ж. 10:00
829
Астанада EXPO құрылысына қазық қағылады

«EXPO-2017» көрмесінің алғашқы қазығы маусым айында қағылады. Бұл туралы «Астана EXPO-2017» Ұлттық Компаниясы басқарма төрағасының кеңесшісі Қанағат Тілемісов мәлімдеді.

«Бекітілген кестеге сәйкес, «Қазақстан-Астана» ұлттық павильонының құрылысы маусым айында басталады. Ал халықаралық тақырыптық павильондардың құрылысын бастау тамыз айына жоспарланған. Құрылыстың белсенді кезеңі 2015-2016 жылдарға сәйкес келеді. Көрме кешенінің құрылысы жоспар бойынша 2016 жылдың желтоқсанында толықтай аяқталуы тиіс.

Қанағат
Тілемісов, «Астана EXPO-2017» Ұлттық Компаниясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі:

Бүгінгі күні жүріп жатқан жұмыстардың ең негізгісі, бұл мына геологиялық, инженерлік бағдарламалар. Және де өздеріңіз білетіндей құрылыстың негізгі қажетті құжаттарын дайындап, соны сараптамадан өткізіп жатырмыз.

Жұрағат БАМАН