$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Ақтау қаласында мейрамхананы сүру соңы жанжалға ұласты

AstanaTV
15.05.2014ж. 13:00
1160
Ақтау қаласында мейрамхананы сүру соңы жанжалға ұласты

Ақтау қаласында мейрамхананы сүру соңы жанжалға ұласты. Сот шешіміне қарамастан, ғимарат қожайыны тәртіп сақшылары мен мейрамхананы бұзуға келген техника жұмысына бөгет жасады. Теке-тірес барысында есінен танып қалған мейрамхана иесі ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті биліктің шешіміне қаланың кейбір тұрғындары да наразы. Теңіз жағасындағы дәмхана халық арасында «Кораблик» деген атаумен танымал. 90-жылдардың ортасында кәсіпкер жағалауда қаңсып тұрған кемеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мейрамхана ашқан. Жан-жағына ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізген. Бірақ, жуырда белгілі болғандай, қала әкімдігі бұл дәмхананы жабу туралы шешім қабылдады. Соңғы екі жыл ішінде мейрамхана қожайыны әділдік іздеп, әкімдік табалдырығын тоздырды. Дегенмен, сот шешімімен кәсіпкердің өтініші қабыл болмады.

Нұрлыбай Аққұлов, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

2013 жылдың наурызында ғимаратты сүру туралы шешім шыққан болатын. Алайда нысан иесі келісімін бермеген соң, мәселе бір жыл бойы ашық күйінде тұрды. Енді міне, соңғы күндері ғимаратты күштеп сырып, инженерлік желілерден ажырату туралы шешім қабылданды.

Дәмхана иесі ғимаратты жиһаздан босату үшін сыру жұмыстарын таңертеңге дейін шегеруді сұрады. Енді бұл жерде жаңа жағалау мен спорт алаңы және көлік тұрағы бой көтермек.

Самат ҚАНАҒАТОВ