$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Оралмандар орналастырылатын аймақтар белгілі болды

AstanaTV
15.05.2014ж. 20:00
1281
Оралмандар орналастырылатын аймақтар белгілі болды

Отанға оралған оралмандар енді Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарына шоғырланады. Бұл туралы ресми қаулыны бүгін Үкімет бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады.

Жалпы, қандастарымызды орналастыруға елімізде жеті облыс белгіленген. Олар Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары.

Айта кетейік, қаулы күнтізбелік он күн өткеннен кейін өз күшіне енбек. Еліміздің Статистика агенттігінің ресми дерегіне сүйенсек, соңғы жиырма жылда Қазақстанға бір миллионнан астам оралман қоныстанған.

Жұрағат БАМАН