$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Ауғаныстанда президент сайлауының екінші турына өтетін кандидаттар белгілі болды

AstanaTV
16.05.2014ж. 10:00
1198
Ауғаныстанда президент сайлауының екінші турына өтетін кандидаттар белгілі болды

Ауғаныстанда президент сайлауының екінші турына кандидаттар Абдулла Абдулла мен Гани Ахмадзай шықты. Орталық сайлау комиссиясы бірінші тур қорытындысын жариялады.

Үміткерлердің ешбірі басым дауысқа ие бола алмаған. Ауғаныстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла 45% дауыс жинаса, бұрыңғы қаржы министрі Ахмадзай 31,6% қолдауға ие болды.

Еске салайық, ел басшысын сайлаудың алғашқы айналымы 5 сәуірде өтіп, оның қорытындысы араға 3 апта салып жарияланып отыр. Болашақ президентке халықаралық коалиция әскерлерінің көмегінсіз мемлекетті басқару сенімі тапсырылады. Коалициялық күштер контингенті Ауғаныстаннан жыл соңына дейін шығады.

Жаңа басшының алдында мемлекет қауіпсіздігін ішкі күштерге сүйеніп қамтамасыз ету жауапкершілігі тұр. Ауғаныстанның тұрақсыздығын ескерсек, ол оңай шаруа еместігі анық. Халық 14-маусым күні болатын сайлауды күтуде.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ