$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Ауған елін қалпына келтіру ісі - қымбатқа түсуде

AstanaTV
16.05.2014ж. 10:00
864
Ауған елін қалпына келтіру ісі - қымбатқа түсуде

Ауған елін қалпына келтіру ісі - қымбатқа түсуде. Тіпті екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия мен Ұлыбританияны аяғына тұрғызу арзанырақ болған.

Бұндай ұйғарымға Ауғаныстанды қалпына келтіру ісі бойынша АҚШ-тың бас инспекторы Джон Сопко келген. Оның айтуынша, Америка бүгінде осы мақсатта 103 миллиард доллар жұмсап үлгерген. Ең қызығы, Вашингтон бұл істі ары қарай қаржыландыруды жалғастыра бермек.

«Жалпы тұрғындарының 80% ауылшаруашылығымен айналысатын, әлемдегі ең кедей елдердің бірі - Ауғаныстан, сырттай көмек көрсетілмесе, тоқырауға кетуі әбден ықтимал. Осы ретте елге жыл сайын қыруар көмек қаржы бөлінеді. Алайда, ауғандық шенеуніктер алған ақшаны керекке жаратпай, жемқорлық фактілеріне жол беруде, - дейді Сопко.

Жұрағат БАМАН