$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Түркия шахтасындағы жарылыс саяси тоқырауға әкелуі мүмкін

AstanaTV
16.05.2014ж. 13:00
790
Түркия шахтасындағы жарылыс саяси тоқырауға әкелуі мүмкін

Түркияда Сомадағы қасірет құрбандарын жерлеуде. Бұл елде Үкіметке қатысты наразылықтар толастамай тұр. 4 бірдей ірі кәсіподақ мүшелері бір күндік ереуілге шығып, Анкара, Измир, Трабзон, тағы да басқа қалаларда қайтыс болған кеншілерді еске алу шеруін ұйымдастырды.

Ереуілдеушілердің айтуынша, жүздеген адамның опат болуы үкімет басшысы Тайип Эрдоганның кесірінен орын алды. Өйткені, ол бұған дейін елдегі барлық көмір кәсіпорындарын жекешелендірген болатын.

Билік өкілдері болса, бұл кінәні мойындамайды. Сондықтан, демонстрацияға шыққан мыңдаған адамның талабын ескерусіз қалдырған болатын. Бүгінгі наразылықты тоқтату үшін билік жас шығаратын газ бен су атқыштарын сияқты шара қолдануда. Тұтқындалып жатқандар да бар. Бүгінде 50 адам полиция құрығына ілікті. Бұл мәселені Эрдоганның саяси қарсыластары оңтайлы пайдалануда. Үкімет басшысы үшін елдегі бүлік алда болар президенттік сайлауға кері әсерін тигізетіні сөзсіз.