$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Грузияда көшкін болып, қазақстандық жүргізушілерді құтқаруға тура келді

AstanaTV
19.05.2014ж. 10:00
1180
Грузияда көшкін болып, қазақстандық жүргізушілерді құтқаруға тура келді

Грузияда лай көшкіні болды. Зардап шеккендердің арасында Қазақстанның көлік жүргізушілері бар. Апат орнынан 200-ге жуық адам эвакуацияланды. Оның ішінде қазақстандықтардан бөлек Ресей және Беларусь азаматтары бар. 5 адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда отандастарымыздың нақты саны жайында әзірге ақпарат жоқ.

Еске салайық, кеше Грузияның Дарьял шатқалы тұсында көшкін болып, салдарынан алысқа қатынайтын бірнеше жолаушылар автобусы көшкін астында қалды. Грузияның құтқарушылары шатқал маңында 24 сағаттық режимде құтқару-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қайтыс болғандар туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. Бұл туралы толығырақ алдағы шығарылымдарда айтамыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ