Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алдағы күндері Қазақстанның кей аймақтарында қар жауады

AstanaTV
19.05.2014ж. 10:00
1103
Алдағы күндері Қазақстанның кей аймақтарында қар жауады

Қазақстанның кей өңірлеріне қыстың ызғары қайта келейін деп тұр. Синоптиктердің хабарлауынша, мамырдың 20-сы мен 22-сі аралығында еліміздің орталығы мен солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытады. Бұл аймақтарда түнде 2-7 градус жылы, кей жерлерде -3 градусқа төмендеп үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз 8-13 градус шамасында сақталады. Бүгіннің өзінде Астанада күн бірден салқындап кетті. Термометр көрсеткіші қалыпты 20-22 градустан +7 градусқа дейін түсті.

Илхам ИБРАГИМ