$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Сербия мен Балқанда су тасқыннан қаза болғандар саны еселеп артуда

AstanaTV
19.05.2014ж. 10:00
1010
Сербия мен Балқанда су тасқыннан қаза болғандар саны еселеп артуда

Балқанда алапат су тасқыны. Ақпарат құралдары 44 адамның қаза болғаны жайында хабарлады. Сербия да тасқын астында қалды. Мұны мамандар бұрын-соңды болмаған табиғат апаты деп отыр. Сәрсенбі күні басталған жауын салдарынан 2 өзен арнасынан асып кетті. 2 көне қала мен бірнеше елді мекен су астында қалып, жарық-сусыз отыр.

Сербия билігі апат орнынан 15 мыңнан астам адамды эвакуациялап үлгерді. Көршілес Хорватияда 12 адам қаза тапты. Жергілікті тұрғындар билік көмегін күтпестен жасанды дамбалар салуда.

Босния мен Сербия елде төтенже жағдай режимін еңгізді. Көп үйлердің іргесін су шайып, қабырғасы сөгілген. Тасқын енді Еуропаның бірқатар елдеріне де қауіп төндіріп отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ